Қазақ тіліндегі ең алғашқы кітап 1807 жылы жарық көрген екен. Сейфул-Мәлік қисса дастаны Қазан қаласында басылып шыққан. Әдеби автобусқа мінген қызылордалықтар қазақ руханиятына қатысты біраз құнды мағлұматқа қанықты, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жолаушылар жол-жөнекей поэзиялық жыр тыңдап, жас өнерпаздардың орындауындағы есті әндерді қосыла шырқады. Автобустағы жолаушыларға викториналық сұрақтар қойылып, Сыр өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды.
"Интернет желісінің өте кең тарауына байланысты ақпараттық бағдарламаларды көшіріп алу біздің кітап оқудан алшақтатып бара жатыр. Сол кітапқа деген құштарлықты арттыру мақсатында осы шараны ұйымдастырып жатырмыз". Кітапханашы Гүлзат Тілесова
Жолаушылар:
- Концерт беріп, балалар тақпақ айтып жатыр. Соны ұйымдастырған ұжымға рақмет, алғысым шексіз.
- Бүгін қоғамдық көлікке міндік, ішінде оқушылар ән айтып, түрлі сұрақтар қойып жатыр. Қуанып қалдық. Кітапханашылар көп мағлұмат беріп жатыр. Айт құтты болсын!