Алматы облысында малшылар тауып алған қар барысы далаға жіберілуі мүмкін

Сурет: gov.kz
Қазір аң Алматыдағы хайуанаттар бағында бір айға карантинге жабылған. Ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ. Ветериналардың айтуынша, қар барысы шамамен бір жарым, екі жаста. Анығы зертханалық сараптамадан кейін белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған қоса аң жұқпалы ауруларға тексеріледі. Жабайы жыртқышты 19 наурыз күні Нарынқол ауданына қарасты Сарыбастау ауылының малшылары көріп хабар берген. Кейін жыртқыш Алматыға жеткізілді. Еліміз бойынша 200-ге жуық қар барысы бар. Сирек кездесетін аң Қызыл кітапқа енген, деп хабарлайды "Хабар-24".      


"Қазір жағдайы жаман емес. Тек әлсіреп қалған болуы керек. Екі табаны жарақаттанған. Оған қорқатын ештеңе жоқ. Жыртқыш аңдарда ондай болып тұрады. Тез жазылып кетеді. Толық тексерістен өтеді. Егер барлығы жақсы болса, жабайы табиғатқа жіберіледі. Әрине қар барысының түзде тау басында жүргеніне не жетсін".Ветеринар Виталий Сачков

19 сәуірде Сарыбастау ауылының тұрғыны мал жайып жүріп, әлсіреп жатқан барысты тауып алғаны. хабарлаған болатын.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты