Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өзгертілді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2026 жылға арналған квотаға өзгерістер енгізілді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы жұмыс күшінің жалпы санына шаққандағы пайыздық мөлшерде қайта белгіленді.
Атап айтқанда:
- жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша квота 0,25%-дан 0,3%-ға дейін ұлғайтылды;
- еңбек иммигранттарын тарту квотасы 2,9%-дан 2,85%-ға дейін төмендетілді.
Бұйрық 2026 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript