Қазақстанда 2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы белгіленді

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 09:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 желтоқсанда "2026 жылға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын белгілеу туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күші санына пайыздық қатынаста мынадай мөлшерде белгіленді:

  • жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша – 0,25%;
  • еңбек иммигранттарын тарту үшін – 2,9%.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың тамыз айында шетелдік жұмысшыларды тартуға арналған квота мынадай түрде қайта бөлінген:

  • жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша квота 0,2%-дан 0,25%-ға дейін ұлғайтылды;
  • еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота 3%-дан 2,95%-ға дейін төмендетілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: