Еңбек министрлігі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қайта бөледі

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 16:25 Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсіндірілгендей, өзгерістер агроөнеркәсіптік кешендегі жұмыс берушілердің өтініші бойынша басталды және жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту квотасына әсер етеді:

  • квота республикадағы жұмыс күшінің 0,25% құрайды.
  • Сонымен қатар, Қазақстанға жұмысқа тартылған шетелдіктердің түпкілікті санын сақтау үшін жеке тұлғалардың еңбек иммигранттарын тарту квотасы қысқартылады, ол жұмыс күшінің 2,95%-ын құрайды.

Бұрын 2025 жылға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленген болатын:

  • жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге берген рұқсаттар үшін 0,2 % мөлшерінде;
  • еңбек иммигранттарын тарту үшін 3% мөлшерінде.

Өзгерістер Еңбек министрлігінің сайтында жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: