Алматыда дүкеннен 15 телефонды ұрлаған күдіктілер қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Алматыда ұялы телефон дүкенінен 15 смартфон ұрлағандар ұсталды. Ұрылардың витринаның әйнегін сындырып, ішке кіргені анықталды, Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екі адам белгілі болды. Күдіктілердің екеуі де Түркістан облысының тумасы. Т.есімді азамат 27 жаста, Ж.есімді азамат 24 жаста. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қаскөйлер ұрланған мүлікті кәдеге жаратып үлгермеген. Телефондар тәркіленді. Ал ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр". Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Абдумасаров
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады