Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

Сурет: gov4c.kz
Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында қазақстандықтар мына күндері демалады: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мереке күндеріне байланысты Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейтінін хабарлады.

6 мамыр, сенбі күні кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жұмысқа шығады.

"Бұл күні олар азаматтарға сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 10 мамырдағы мереке күндерінен кейін барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Қалыпты күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары мына уақытта жұмыс істейді:

жұмыс күндері – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін,

кезекшілік: жұмыс күндері – 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні - 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды