Ақтау тұрғыны "Ресейлік агрессияны насихаттады" деп видео түсіргені үшін 20 тәулікке қамалды

Сурет: Zakon.kz
Ақтау тұрғыны "Ресейдің агрессиясын насихаттайды" деп видео түсіріп, оны Facebook арқылы таратқаны үшін 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату фактісі бойынша істі қарады (ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі). 

Т. есімді азамат 28.02.2023 жылы сағат 21:00 шамасында Ақтауда орналасқан "А" дүкенінің жанында дүкеннің атауындағы "Z" әрпін бөліп, "Украинаға қарсы Ресейлік агрессияны насихаттайды" деп видео түсіріп, мұны Facebook арқылы таратқаны анықталды.

Бұл факт әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен толық дәлелін тапқан. 

ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігінде жеке тұлғаға 180 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға 650 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Іс бойынша жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Т. ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты