Биыл Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жүргізіледі

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы көгалдандыру және абаттандыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам  жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттерә мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.  

Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.

Сенбілікке волонтерлер мен студенттер де белсенді атсалысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды