Қазақстан Азиада-2026 медаль кестесінде нешінші орында тұр
Сурет: telegram/olympickz
Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені триатлоншы Арлан Жалабай салды. Ол қола медаль жеңіп алды.
Одан кейін велошабандоздар Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтыннан алқа тақты.
Каратэшілер Жоламан Биғабыл 57 келіге дейінгі, ал Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, Қазақстанға тағы екі алтын медаль әкелді.
Сондай-ақ бессайыстан Темірлан Әбдірайымов, Тихон Варехин, Лев Чувашов және Кирилл Стадник қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындарының екінші жарыс күні де Қазақстан үшін қола медальмен басталды. ММА өкілі Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Қазіргі уақытта Азиада-2026 медаль кестесінде Қытай құрамасы көш бастап тұр. Оның еншісінде 23 медаль бар: 14 алтын, 6 күміс және 3 қола. Екінші орында 22 жүлдемен Жапония, үшінші орында 16 медальмен Оңтүстік Корея орналасқан.
Қазақстан құрамасы 7 медальмен төртінші орында тұр. Оның төртеуі – алтын, үшеуі – қола.
Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.