Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Сурет: olympic.kz
2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарында волейбол бәсекесінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының қарсыластары белгілі болды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Топтық кезеңде олар Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер құрамасы В тобына түсті. Қазақстандық волейболшылар Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы ойнайды.
Әйелдер арасындағы жарыс 16–22 қыркүйек аралығында, ал ерлер арасындағы бәсеке 27 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript