Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүрабеков жолдарды асфальттау жұмыстарын тексерді

Қалада жол жұмыстары күндіз көлік кептелісін туғызбас үшін түнгі мезгілде жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Жөребеков Ә.Молдағұлова даңғылында, Сәтбаев көшесінде жүргізіліп жатқан асфальт жабындысын төсеу жұмыстарының барысын қарады.

“Нұрлы жол” ЖШС мердігер ұйымы Ә.Молдағұлова даңғылының Мәңгілік ел көшесінен 5 шағын ауданның көпіріне дейінгі бөлігінде жұмыс жүргізуде.

"Біз бүгін түнде Әбілқайырхан даңғылына дейінгі бөлікте асфальт жабындысының бірінші қабатын төсейміз. 4 шақырымнан астам 6 жолақты жолдың бірінші қабаты 6 см ірі түйіршікті асфальт. Екінші қабаты 5 см қиыршық тасты мастикалық асфальт болады. Тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз. Жол үстіндегі барлық құдықтар жолға кедергі болмайтындай деңгейде асфальт жабындысына сәйкестендіріледі. Бұл жұмыстар аяқталған соң біз Есет батыр көшесінің жолын жөндеуге кірісетін боламыз", - деді “Нұрлы жол” ЖШС директорының орынбасары Ұлан Жақсыбаев.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан соң қала әкімі Сәтбаев көшесін асфальттау жұмыстарын қарады. Бұл жерде “Капремстрой” ЖШС техникасы жұмыс істеуде. Былтыр басталған 1200 метр жолдың екінші қабаты төселуде.

Мұрат Жөребеков түнгі қалада серуендеп жүрген тұрғындармен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жол өтпесін таңбалап беруді сұраған тұрғындармен бірге жүріп, көшені аралап шықты.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Осындай жол жұмыстары, абаттандыру шаралары жүргізіліп жатқан уақытта тұрғындардың пікірлері ескерілуі керек. Жаяу жүргіншілер өтпесі туралы, жол белгілерін, бағдаршамдар орүату жөнінде жиі айтылады. Тиісті органдарға ұсыныс беру керек», - деп ЖКХ бөлімінің басшысына тапсырма берді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: