Ұялы байланыстың жаңа ережелері – қазақстандықтар өздеріне қай ұйым қоңырау шалып тұрғанын көре алады

Телефон, телефон в руках, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:21 Фото: pexels
2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев телефон алаяқтығына қарсы жаңа шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, енді операторлар интернетке қосу және халықаралық IP-телефония қызметтерін көрсету үшін лицензия алуға тиіс.

"Байланыс операторларының Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді. Заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларды таңбалау енгізіледі. Абонент өзіне қай ұйым қоңырау шалып тұрғанын телефон экранынан көре алады. Ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде абонент биометриялық аутентификациядан өтуге тиіс. Мобильді құрылғыларды верификациялау тәртібі де нақтыланды. IMEI-код бойынша тексеру елге заңсыз әкелінген телефондар мен коды ауыстырылған құрылғыларды анықтауға көмектеседі", – деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: