Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартуды жоспарлап отыр

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 12:21 Фото: pexels
2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда 3G желісі қашан өшірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, қазір Қазақстандағы ауылдардың 84%-ында мобильді интернет бар. Елде базалық станцияларды жаңғыртып, 3G-ден 4G-ге көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар қалалар мен ауылдарда 5G желісінің қамту аумағы кеңейіп келеді.

"2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартуды жоспарлап отырмыз. Сол уақытқа дейін 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуға тиіс. Елдегі ауылдардың 92%-ында мобильді интернет қолжетімді болады. Әкімдіктер базалық станциялар орнатуға жер телімдерін уақытылы бөліп, сол учаскелерге электр желісін тартуы қажет. Бұл операторларға ұялы байланыстың қамту аумағын тезірек кеңейтуге мүмкіндік береді", – деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 40 мың шақырымын әлі де ұялы байланыспен қамту қажет.

"Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысын салу керек. Әзірге жұмыс баяу жүріп жатыр. Жобаның инвесторы "Транстелеком" құрылыс қарқынын жеделдетіп, нысандарды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беруі қажет", – деді министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: