Алматы полицейлері төрт қалта ұрысын қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Өткен мереке күнінде қоғамдық орындарда адамдардың көп шоғырланатынын жақсы білетін қалта ұрылары қарап отырмаған тәрізді.
"Алматы арбатында бөтеннің қалтасынан Samsung телефонын жымқырған 37 жастағы М.есімді азаматты жедел уәкілдер қолға түсірді. Ал бұл уақытта қаланың орталық саябағында бұрын сотты болған 34 жастағы Б.есімді азаматша өзінің сіңілісімен өзгенің IPhone телефонын ұрлаған. Қазіргі таңда аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды," – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ ұсталған күдіктілердің осы іспеттес өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тәркіленген телефондар айғақ зат ретінде тіркелді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды