Атырауда мас жолаушының кесірінен пойыз тоқтап қалды

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың "стоп-кранын" жұлып алғанына байланысты Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде "стоп-кранын" жұлып алуына байланысты Атырау-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтаған. Оқиға салдарынан пойыз 12 минут тұрып қалған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес оның "орташа дәрежедегі" алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

"Сағыз станциясына келгеннен кейін құқықбұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу"), 560-бабының 1-бөлігі ("Қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтату") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды". Атырау облысы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды