Келесі аптада Алматыда күн 30 градусқа дейін ысиды

Сурет: unsplash
Синоптиктер Zakon.kz сайтына келер аптаның ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, келесі аптада Алматыда күн ашық әрі ыстық болады.

"Қазгидрометтің" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 6-12 мамыр аралығында оңтүстік астанада күн 30 градусқа дейін ысиды, ал апта соңында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

6 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3°С , күндіз 17-19°С жылы.

7-8 мамыр: күн ашық. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8°С, күндіз 18-20°С жылы.

9 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10°С, күндіз 22-24°С жылы.

10 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12°С, күндіз 24-26°С жылы.

11 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14°С, күндіз 28-30°С жылы.

12 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады,екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17°С, күндіз 26-28°С жылы.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс