Полицейлер Атыраудағы өртенген көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады

Сурет: видео скрині
Атыраулық полицейлер өртке оранған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 101 Өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама 5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында түскен.

Аталған хабарлама бойынша полицейлер мекенжайға 4 минутта жеткен.

"Кейін 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды". Polisia.kz

Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды