Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты

Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты. Марқұм 1994 жылы туған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайдлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 8 мамырда түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты.
"Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Құрманбековтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды". Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Ведомство өрт сөндірілмегенін, әлі жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, бүгін, 8 мамырда түнде  "Іле-Алатау паркі" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында қураған шөп пен ағаштар жанған.

Оқиға орнында "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен 42 адам және төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшып шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді