Медеудегі өрт: бір құтқарушы жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір құтқарушы қолын жарақаттап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ерік Оқасов қолынан жарақат алды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, 8 мамыр күні сағат 01:24-те қызметтік борышын орындау кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған