Медеудегі өртті 16 сағаттан бері сөндіре алмай жатыр

Алматы төтенше жағдайлар департаменті Медеудегі өрттің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 7 мамырда 23:52-де Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштар (қураған ағаштар) өртенгені анықталды. Дереу Алматы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 59 адамы мен 15 техника сондай-ақ, парктің жедел тобы жіберілді.

"Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) қиын болып жатыр, сондай-ақ су төгетін құрылғысы бар Ми-171 ҚР ТЖМ  "Қазавиаспас", Ми-8 "Қазавиаспас" АҚ тікұшақтары жұмылдырылды". Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында өртті сөндіруге "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен 42 адам және төтенше жағдайлар департаментінен 32 адам және 5 техника жұмыс істеп жатыр.

Өрттің алдын ала ауданы - 3 гектар. 15:13-тегі жағдай бойынша 13 рет (39 тонна) су төгілген.

Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір құтқарушы қолын жарақаттап алды және бір қызметкер қаза тапты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: