Сән журналына суреті шыққан қарқаралық сиыр биыл үшінші рет төлдейді

Сурет: Карина Кирина
Сән журналына суреті шыққан қарқаралық сиыр биыл үшінші рет төлдейді

Қыстан көтерем шыққан сиырды көршісі суретке түсіріп, әлемге әйгілі сән журналына жолдаған. Редакция фотоны үздік деп бағалап, басылымның сайтына жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мал иесі Мәулен буаз сиырын ерекше күтімге алған. Күндіз өрістен келсе де, кешкілік қосымша шөп салады. Сән журналынан жарқ ете қалған Зояны бұзауынан өзі бағып өсіріпті. Биыл үшінші рет төлдейді.

"Өзіміз де таңғалдық. Сиыр осылай журналға шығады деп кім ойлаған енді?! Бөлмейміз ғой. Барлық мал бірдей. Бәріне бірдей береміз. Былтыр 1 маусымда бұзаулаған, өзі сол уақыттарда бұзаулайды. Енді ойлап отырмыз, мамыр айының аяғында бұзаулай ма деп".      Қарқаралы қаласының тұрғыны Мәулен Мұсабеков

6 жасар Зояны әп-сәтте "жұлдыз" қылған – Карина Кирина. Ол кәсіби фотограф. Ерте көктемде көше бойлап келе жатып, қыстан көтерем шыққан көршісінің сиырын көріп, суретке түсіріп алған. Кейін оны әлемге әйгілі сән журналдарының біріне жолдайды. Олар "Қыс" тақырыбымен журналдың сайтына жариялаған.

Сурет: әлеуметтік желі

"Сән журналы аптасына тек бір рет, дүйсенбі күндері екі фотодан қабылдайды. Мен бірінші рет жібердім және бірден басып шығарды. Бұл – мен үшін үлкен жетістік. Енді олар жариялаған суреттердің арасынан үздіктерін іріктеп, Еуропа қалаларында көрме ұйымдастырады екен. Бәлкім, сол тізімге де ілігіп қалар".  Фотограф Карина Кирина

Каринаның бұл кәсіппен айналысқанына 20 жылға жуықтаған. Негізінен табиғатты, жан-жануарларды түсіргенді ұнатады екен. Сондай суреттерінің тағы біразын журналған жолдаған, бірақ әзірше жауап жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді