Шымкентте салмағы 6 келі бала дүниеге келді

Сурет: pixabay
Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға қарасты перзентханада 10-мамырда таңғы сағат 07:30-да салмағы 6 келі ұл баласы дүниеге келді.

Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген. Бөбек анасының үшінші перзенті екен. Білікті дәрігерлер алып сәбиді іштен жарып алмай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Алып сәбиді ата-анасы Алпамыс деп атады. 

Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Дәрігерлер оларды келер аптада өз үйлеріне жібермек. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет дейді мамандар.

“1992 жылғы жүкті әйел 10.05.2023 түнгі сағат 01:05-те №2 Қалалық аурухананың перзентханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Диагноз: 4 жүктілік, 41 апта “гигантский плод”. 


10.05.2023 ж. таңғы сағат 07:30-да батыр ұл бала дүниеге келеді. Салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см. Босанушы әйел ешқандай жыртылусыз өзі босанды”-дейді мамандар. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды