Антикор күдіктілер қандай кабинеттерде тергелетінін көрсетті

Сурет: gov.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауап алу және сотқа дейінгі тергеу кабинеттерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру кабинеттері төрт үздіксіз бейнебақылау камерасымен жабдықталған.

Екі камера Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің кезекші бөліміне қосылған.

Үшінші камера арқылы ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері күдіктілерден жауап алу процесін қадағалайды. Бұл камераға тек прокурорлар ғана қол жеткізе алады, ал бейнематериалдар Бас прокуратураның серверінде сақталады.

Төртінші камера осы кабинеттегі болып жатқан жағдайлардың барлығын түсіреді.

"Жалпы, Департамент ғимаратындағы бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің кабинеттерге бару бағытын қамтиды", – делінген Агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар кабинеттерде Гезелланың брондалған айналары орнатылған, олар "тұлғаны анықтау" сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдан бастап күзетпен ұстауға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарды қадағалаудың электрондық білезіктерін пайдалану бойынша халықаралық тәжірибені қолданады.

Электрондық білезік – күдіктінің немесе айыпталушының аяғына бекітілген радиоэлектрондық модуль.

Оны алып тастауға немесе оған кез келген механикалық әсер етуге тырысу дабыл сигналының қосылуына және хабарламаны Антикордың кезекші бөліміне жіберуге әкеледі.


Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады