Қызыл кітапқа енген сілеусін Шарын ұлттық паркінде соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа ілікті

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында сілеусін фототұзаққа ілікті. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экология министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда алғаш рет бұл жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

"Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, ағаш арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады".ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.  

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды