БҚО-да әкесі мен ұлы алимент мәселесін сот арқылы шешті

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 13:05 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының Казталов аудандық соты білім алу кезеңіне алимент өндіру туралы ұлының әкесіне берген талап-арызын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіт колледжде күндізгі бөлімде оқып жатқанын айтып, әкесінен оқу мерзімі аяқталғанға дейін алимент өндіруді сұраған.

Істі қарауға дейін судья-медиатор қос тарапқа дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін түсіндіріп, татуластыру рәсімін өткізді.

"Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды", – деп хабарлады 2026 жылғы 21 қыркүйекте соттың баспасөз қызметі.

Келісім шартқа сәйкес, әкесі 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2027 жылғы 25 маусымға дейін ұлына ай сайын 40 мың теңге төлеуге міндетті.

Сот тараптар арасындағы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сондай-ақ тараптарға қабылданған шешімнің құқықтық салдары түсіндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: