Қарқаралыда ұлттық тағам - құрттың 17 түрін дайындайтын цех жұмыс істеп тұр

Сурет: Zakon.kz
Қарқаралы қаласында тұратын Сламбек Қинаят тибеттік технологияны қолдана отырып, құрттың 17 түрін жасайды. Бал мен көптеген жеміс-жидек қосылған құрттың дәмі бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан болар ұлттық тағамға сұраныс жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сламбек Қинаят Алтай тауларынан жинап алған сирек тастарды тәулік бойы сүтке салып қояды. Бұл ақтағы түрлі бактерияларды залалсыздандырып, пайдалы минералдармен байыту үшін керек екен. Ол құртты қаймағы ажыратылмаған сүттен жасайды. Сондықтан тіске жұмсақ. Ал дәмін келтіру үшін бал, жеміс-жидек қосады. Қазір мұнда ұлттық тағамның 17 түрі дайындалады. Ең пайдалысы – ежігей құрт, - дейді. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленеді екен. Ақуызға өте бай. Құрамында емдік қасиеті мол өсімдіктер де бар, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Қарасаңыздар, мынау – шөп. Құрт емес, мынау – шөп. Осы шөпті мен пайдаланамын қазір. Бұл – мың да бір ем. Мал азығына пайдаланамын, құрт қайнатар кезде осыны аздап қосып істейміз". Ұлттық тағам өндірушісі Сламбек Қинаят

Сламбек тәулігіне шаруашылығынан 500 литр сүт жеткізіп, одан шамамен 50-60 келі құрт жасайды екен. 3 қызы – қолқанаты, ал келіншегі тапсырыс қабылдап, дайын өнімді өткізумен айналысады. Сұраныс өте жоғары. Сламбек Қинаят келешекте сүт өнімдерімен емдейтін шипажай салуды жоспарлап отыр. Бұл бастама жүзеге асса, Қарқаралыға келетін туристердің қатары да арта түсетініне бек сенімді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды