Ақмолалық полиция облыс тұрғынын бір келіден астам есірткімен қолға түсірді

Сурет: polisia.kz
Ақмола полицейлері үй-жайда 1 келіден астам есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Сараптама мұның марихуана екенін көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Бурабай ауданының 53 жастағы тұрғынын есірткі сатты деген күдікпен ұстады.

Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде ер адамның үйінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас, салмағы 1 келіден асатын 32 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтауға және пайдалануға арналған сыйымдылық пен құрылғы табылды.


Тәркіленген заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, пакеттердегі зат кептірілген марихуана болып шықты.

Департаменттің тергеу басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады