Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды

Сурет: Zakon.kz
Самокат мен мотоциклдің соқтығысуынан кісі өлді, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған.

Yamaha мотоциклін мінген жүргізуші Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта, ал самокатты жалға алған тұрғын солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Ол солға – Политехническая көшесіне бұрыла бастаған, бірақ дұрыс есептемей, мотоциклдің дәл алдына бұрылған. Мотоциклші қатты жылдамдықпен оны қағып кеткен.

Самокат, мотоцикл және оны айдап келе жатқан екеуі де екі жаққа, бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем зардап шеккен екеуін де алып кетті. Бірақ көлік қозғала бастағанда-ақ самокат мінген тұрғын қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында жүр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Cурет: Zakon.kz.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін