"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, жауын-шашын, 13 қараша, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 18:05 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша 2026 жылғы 13 қарашаға, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық дерлік аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

"Сондай-ақ республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманның түсуі, көктайғақтың болуы және желдің екпін алуы жатқызылады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Қызылорда облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: