"Жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық". Еліміз бойынша 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 18 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 17:55 Сурет: ЖИ көмегімен әзірленді
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 18 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

Солтүстікте кей жерлерде нөсер жаңбыр болады, ал солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін.

Айта кету керек, республикамыздың батысы мен солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

"Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, , Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде сынап бағаны +35, +40 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
  • Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Ақмола облысының орталығында, Жетісу облысының орталығы мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Қызылорда, Түркістан, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында, Жамбыл өңірінің батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында, батысында және Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде. төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: