Павлодарда мопед мінген зейнеткер автокөлікке соқтығысты

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда мопед пен автокөлік соқтығысып, 74 жастағы мопед жүргізушісі түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Павлодарда мопед пен автокөлік соқтығысып, 74 жастағы мопед жүргізушісі түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні сағат 18:50 шамасында Малайсары батыр - Жібек жолы көшелерінің қиылысында ВАЗ 21074 маркалы көлік құралы мен мопед соқтығысқан.

"ВАЗ автокөлігі айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство. 

Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту кеше сағат 18:59-да түсіп, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі минутта жеткенін хабарлады. 

Зардап шеккен 74 жастағы ер адам түрлі жарақат алып, денесі көгерген. Зейнеткер Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды