Ақтаудағы үш баланың өлімі: іс сотқа әлі жетпеген

Сурет: polisia.kz
Ақтаудағы үш баланың өлімі: іс сотқа әлі жетпеген

Ақтауда үш баланың өліміне қатысты іс әлі сотқа жетпеген, - деп хабарлайды Zakon.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Атышулы оқиғаға қатысты марқұм балалардың әкесі күдікті болып отыр. 36 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

"Қылмыстық істің материалдары сотқа берілген жоқ. Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша сот әлі басталмағанын растады. Соттың ашық режимде өтетіні әзірше белгісіз.

Еске салайық, 2023 жылғы 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынаудандағы №46 үйде жантүршігерлік қылмыс болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтірген. Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстаған, ал пәтерден зорлықпен өлтірілген 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді