Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құрамында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

23 мамыр күні жұмыс тобы көршілес мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарымен жедел жиын өткізді. Тараптар шекарадағы кептелістер бойынша проблемалы аспектілерді жедел шешу бойынша тиісті кешенді іс-шаралар қабылдады.

"Атап айтқанда, көліктер ағымын қайта бөлу жүзеге асырылды (олардың айтарлықтай көлемі реконструкцияланған "Б. Қонысбаев" өткізу пунктіне жолданды), өткізу пунктері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, шекара арқылы автокөліктердің өтуі бойынша бақылау операцияларын жылдам жасау үшін кеден бекеттерінің штаты қайта жасақталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Жұмыс тобы жақын күндері барлық өткізу пунктерінің жұмыс барысын екі тараптан да бақылайтын болады.

Мамыр айынан бастап Қазақстанға Өзбекстаннан жеміс-жидек өнімдерін әкелу дәстүрлі түрде ұлғайған. Оның ішінде Ресей Федерациясына тразитпен жөнелтіледі.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 кеден бекетімен тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк көлік құралы өткізіледі.

Қазақстан Өзбекстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: