Қазақ-Өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Сурет: Zakon.kz
Қазақ-Өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр. Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көліктердің легі бірнеше шақырымға созылады.

Кеденшілердің кесірінен жолда қалдық деген жүргізушілер мәселенің тезірек шешілгенін қалайды, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бұл жерде не жуынатын не тамақ ішетін асхана жоқ. Алысқа бара алмаймыз, кезегің өтіп кетуі мүмкін. Тыныш демалып, ұйықтап, жуынып алуға болатындай тұрақ жасау қиын емес қой." Дилмурод Бакиров, жүргізуші

«Ал шекарадағы кептеліске Сарыағаштағы «Қапланбек» бекетінің жөндеуге жабылғаны басты себеп болып тұр», - дейді мамандар. Қазір жүк көліктері басқа үш бекет арқылы өткізіліп жатыр. Дегенмен, көлік саны жылдан жылға артқан. Бұған дейін «Қазығұрт» бекетінен күніне тек 10 жүк көлігі өткізілсе, қазір олардың саны 250-ге жуықтайды.

"Шекарада автокөліктердің көбеюі маусымдық жағдайға байланысты болып отыр. Яғни, ол Өзбекстаннан елімізге жеміс-жидектер, көкөністер көбірек әкелініп жатыр. Содан бөлек ол Өзбекстан Республикасынан Ресейге де транзит арқылы кетіп жатқан жайы бар. Кеден қызметінің өкілдері көбейтіліп, штат қайта жасақталды. Сонымен қатар бас диспетчерлік басқарма тәулік бойы жұмыс жасап жатыр." Айнұр Сартаева, Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты