Елордада 3000 кітап сыйлыққа берілді

Сурет: pixabay
Түркістандық «Фараб» кітапханасы Астанада «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани-мәдени шара өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақсаты – Түркістан облысында болып жатқан мәдениет саласындағы жаңалықтармен бөлісу. Сондай-ақ «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясын ұйымдастыру.

Аталмыш шара облыстағы ауылдық кітапханалар қорын байытып, оқырман сұранысындағы әдебиетпен қамтамасыз етеді. Осы ретте Ұлттық академиялық кітапхана елорда қонақтарына 3000 дана кітап сыйға тартты, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Ендігі кезекте Фараб кітапханасының ұжымы Қызылорда мен Шымкент қалаларына баруды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, шара Түркістан облысының 5 жылдық мерейтойы қарсанында ұйымдастырылып отыр.

"5 жылдықты насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы жыл басынан бері «5 жылдыққа – бес әдеби сапар» акциясын бастады. Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облысының туризм басқармасының тікелей ұйымдстыруымен осы акция басталып, Астана қаласы бүгінгі таңда үшінші сапарымыз. Тараз қаласында болдық, Алматы қаласындағы ұлттық кітапханада және бүгін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханаға келіп отырмыз." Жанат Шардарбекова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды