Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті

Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті, оның әрекеті павлодарлықтардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның "біртүрлі киінгенін" әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады.

"Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 мектептің қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық оператор бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар", - делінген жазбада.

Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі түсінік берді.

"Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді", - делінген жазбада.

Полицейлер жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып, ер адамды ауруханаға жатқызған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді