Рекорд: марафоншылар Астанадан Ақтауға дейін жүгіріп барды

Сурет: видео скрині
Астанадан шыққан ультрамарафоншылар 8 мың шақырымды жүгіріп өтіп, Ақтауға жетті. Олардың бұл нәтижесі Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Астанадан бір ай бұрын шыққан марафоншылар Ақтауға жеткенше Қазақстанның 20-ға жуық қаласы мен 100-ден аса елді мекенінен өткен. Марафоншылардың әрқайсы қымбат төрт-бес аяқ киім тоздырған. 

Nomad run жобасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған. Бес адамнан құралған марафоншылардың ең кішісі 33, ал ең үлкені 55 жаста.

Команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта Меккеге дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр. Жоба мақсаты – халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау.

"Бір ғана аяқ киім қалды. Міне, бұл да тозды. Желініп қалады. Асфальт жеп қояды. Мынаны 85 мыңға алып отырдық. Жүгіруге 30 күн кетті. Бәріміз аман-сау жеттік. Қасыма ерген командаға рақмет айтамын! Қолдаушымызға көп-көп рақмет! Халықтың арқасында білінбеді. Осында жеткенше халық қолдап келді".Nomad run ультрамарафоншылар жобасының қатысушысы Меңдібай Әлімғазин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды