Балаларды қорғау күні елімізде ауа райы қандай болады

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 1 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде синоптиктер қатты ыстық, оңтүстікте, оңтүстік-батыста өте қатты ыстық болады деп болжады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталықтарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Павлодар облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +33+35°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +32+34°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы