Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп болжанады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 2 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста, Қазақстанның таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпіні сақталады, еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

"Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп болжанады. Қостанай, Ұлытау, Атырау облыстарының солтүстігінде, шығысында да күн қатты ысиды деп күтіледі", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

"Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында, Ұлытау қаласының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады". "Қазгидромет" РМК


Сондай-ақ, Жамбыл облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, өңірдің солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2023 жылдың маусым айында ауа райы қандай болатынын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды