Астана тұрғыны курьер шақыртып, оны алдап кетті

Сурет: pixabay
Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 25 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында оның InDrive қосымшасы арқылы такси-курьерге тапсырыс бергені белгілі болды. Такси төлемін жоғары қойып, солайша жүргізушіні қызықтырған бикеш, Ардагерлер көшесінен телефонды алып кетуге тапсырыс берген.

Такси жүргізушісінен кепілдік ретінде ақша сұрап, жеткізу пунктінде жол ақысымен бірге қайтаратынын айтқан. Мекенжайға жеткен курьер тасымалдаған гаджеттің іске жарамсыз екенін және алаяққа алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған дерекке қатысты 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бикештің осыған ұқсас айла-амалмен тағы бірнеше қала тұрғынын алдағаны анықталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады