Абай облысының әкімі Алакөлдің жолы туралы: Ұшақпен баруға да болады

Сурет: pixabay
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ-да өткен брифингіде Алакөлге апаратын жолдың нашар екендігі туралы сынға жауап берді. Ол курорттық аймаққа ұшақпен ұшып баруға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алакөлдің жолы туралы мәселені журналистер көтерді. Олар өткен жылы өңір тұрғындары жолдың жағдайына шағымданғанын және оның әлі күнге дейін өркениетті қалыпқа келтіру мүмкін болмай жатқанын атап өтті. Осыған байланысты журналистер осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын немесе жоспарланғанын сұрады.

"Омбы-Майқапшағай" жолы туралы айтып отырған боларсыз, ол 2025 жылы толығымен аяқталады. Қазіргі уақытта бізде Алакөлге дейін, бұл - Аягөзден ары қарай шағын шағын учаске, яғни шамамен 30 шақырымы нашар екені рас және 92 шақырымның 90 шақырымына жуығы. Өткенде автожол комитетінің өкілдерімен сөйлестім, олар биыл жабық тұсты ашып, келесі жылы жолды толығымен аяқтауға уәде берді", - деді Нұрлан Ұранхаев.


Сондай-ақ ол Астана мен Семей қалаларынан Алакөлге ұшақтар ұшатынын айтты.


"Үржарда ұшу-қону жолағы жасалды, әуежай дайын, ұшақпен ұшуға болады. Мысалы, Астанадан 1 сағат 20 минутта жетеді", - деді өңір басшысы.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі