Ақмолада қарумен тұрғын үйге басып кірген үш адамның ісі қайта қаралады

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 17:49 Фото: pixabay
Ақмола облысында түнде бетперде киіп, тұрғын үйге қарумен басып кірген үш ер адамның әрекеті кассациялық сотта қайта қаралды. Олар бұған дейін тонау бабы бойынша сотталған. Алайда Бас прокуратура қылмыстың дұрыс сараланбағанын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлер түнгі уақытта тұрғын үйге кіріп, ондағы адамдарға күш қолданған. Сондай-ақ аңшылық мылтықтың шолақ ұңғысымен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды талап еткен.

Нәтижесінде олар 4 млн теңгеден астам сомаға мүлікті иемденіп, үйдегі өзге адамдарды жертөлеге қамап қойған.

Бас прокуратура сотталғандардың әрекетін тонау деп саралау дұрыс емес деп есептеп, кассациялық наразылық енгізді. Себебі жәбірленушілер қарумен төнген қатерді шынайы әрі өмірі мен денсаулығына қауіпті деп қабылдаған.

Прокуратураның пікірінше, қарудың атылғаны немесе оның техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы қылмысты қарақшылық деп тануға кедергі емес.

Кассациялық сот прокуратураның уәждерін қолдап, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Қылмыстық іс жаңадан қарауға жіберілді.

Сот түсіндіргендей, тонау мен қарақшылықты ажырату кезінде тек келтірілген залал емес, шабуылдың сипаты, қолданылған күш және жәбірленушілерге төнген қатердің қаншалықты шынайы болғаны да ескеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: