Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды

Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 10:26 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті.

Мемлекеттік айыптауды Бас прокурордың орынбасары Ә.Қ.Шыңдалиев қолдады.

Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 10:26

Сурет: Telegram/Jogargy_sot

"Ағымдағы жылдың ақпан айында Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген. Қарау нәтижесінде Жоғарғы Соттың сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, сотталғанның өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ",- деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Іс материалдарынан анықталғандай, 2014 жылғы 25 маусымдағы сот үкімімен Тоғаев тонау және бандитизммен байланысты кісі өлтіру, шабуыл жасалған адамның өміріне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіретін қауіпті зорлық-зомбылықпен байланысты тонау, сондай-ақ тұрақты қарулы топ (банды) құру кезінде, ұйымдасқан топпен, қаруды қолдануы,ұйымдасқан топтың тұрғын үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Тоғаев кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға қарулы шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, сыбайластарымен бірге ерлі-зайыптылардың үйіне басып кіргені анықталды. Сосын сотталушылар жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның әйелін байлап, ауыр дене жарақатын келтіріп, олардан өздерінде бар ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен. Талап еткендерін алғаннан кейін олар қылмыс орнынан бой тасалаған.

"Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заңды, негізді және әділ болып табылады."Жоғарғы Сот

Таратылған ақпарат бойынша, Тоғаевтың кінәсі сотталғандардың мойындауларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық-биологиялық сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен, тәркілеумен ішінара дәлелденді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: