Жаңалықтар тізбегі
0

Енді есірткі өндірушілері өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Подписание законов, назначения, президент подписал, резиденция президента , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 09:33 Фото: Zakon.kz
Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойған. Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды Алматы облысы иеленді, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам "синтетика" және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.


Енді есірткі өндірушілері өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 09:33

Сурет: polisia.kz


Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.

Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде тәркіленді:

  • мефедрон,
  • прекурсор,
  • тыныс алу маскасы,
  • есірткі синтезіне арналған жабдық.

Қаскөйдің "виртуалды" кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген.

"Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген",- деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: