Ақсудағы субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады

Сурет: видео скрині
Павлодар облысы Ақсу қаласында субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады. Дәрігерлер төрт жастағы баланың өміріне еш қауіп жоқ дейді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған қыз балаға түрлі терапиялық ем шаралар жасалды. Жүрегі тексерілді. Денсаулығынан ешқандай патология табылған жоқ. Содан кейін педиатрия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты, денсаулығы жақсарып қалды десе болады. Ешқандай ауырсыну жоқ. Денесінде күйік ізі жоқ".Ақсу ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдана Төлеутай

Оқыс жағдай Павлодар облысында болды. Ақсу қаласының орталығындағы субұрқаққа шомылған төрт жасар қызды тоқ соққан. Ересектердің рұқсатынсыз өз бетімен демалыс саябағына келген үш бала аптап ыстықта салқындап алмақ болған. Сол кезде олардың арасындағы ең кішісін тоқ ұрған. Шенеуніктер барлық электр жүйесі қосылған генератор субұрқақтан жеті метр жерде тұрғанын айтады. Ал оған қалай су тигенін тергеу анықтайды дейді.

"Ересек балалар субұрқақтан айғайлап секіріпсекіріп шығып кетті. Суда кішкентай үш қыз қалып қойды.Ең кішісі тқұбырдың үстінде ес-түзсіз жатты. Мен қолымды созып едім, мені де тоқ соқты. Әйтеуір алып шықтық. Жедел жәрдем шақырдық".Оқиға куәгері Александра Морозова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті