Ақсуда балалар электр тоғы бар субұрқаққа түскен

субұрқақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 11:37 Сурет: pixabay
Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Ақсуда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Фаизов балалардың айқайын естіп, субұрқақтың жанына барған.

"Жүгіріп келе жатып, субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыздың тұрғанын көріп, уақытты жоғалтпай, субұрқаққа секірдім. Екі қызды шығарып алдым. Кейін жедел жәрдем шақырып, балаларды мамандарға тапсырып, қызметке кірістім", - деді Қажымұрат Фаизов.

3, 6 және 8 жастағы балалар үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерге тапсырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: