Абай облысындағы алапат өрт: Тоқаев Вьетнамға сапарын кейінге шегерді

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

ТЖМ-ның кейінгі мәліметтері бойынша, алапат өрт кезінде орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11-і әлі іздестіріліп жатыр.

Алапат өртке байланысты Президент ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильинге Абай облысына шұғыл жетуін, табиғи апатқа қарсы күрес бойынша жұмысты басшылыққа алуын тапсырды.

Ал Үкімет пен аймақ әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз