ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Ақтоты Боранова жыл басынан бері елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1046 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Бұл жол-көлік оқиғаларында 72 бала қаза тауып, 1152-сі жарақат алған.
"Күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астам бала зардап шегеді. Олардың 67%-ы, яғни қайтыс болған балалардың жартысынан астамы жолаушылар. Қалған жағдайда жаяу жүргіншілер болған. Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер көлікпен тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалдайды", – деді спикер.
ІІМ-нің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу, аударылып кету, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр.