Қызылордалық төрт тұрғын төлем терминалдарын ұрлаған

Сурет: polisia.kz
Қызылордалық төрт тұрғын төлем терминалдарын ұрлаған. Оқиға мамыр айында болған. Полицияға дәріханалар мен дүкендердің иелері арызданып, оларға тиесілі екі терминалдың ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, қаланың төрт тұрғыны алдын ала жоспар құрған. Олар түнгі уақытта дәріханалар мен дүкендердің есігін бұзып кіріп, терминалды алып кеткен.

Қызылорданың 36-39 жас шамасындағы төрт тұрғыны ұсталды. 2 азамат Қызылорда полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалса, қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Айғақ зат ретінде ұрланған терминал алынды. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды